«Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл, Қазақстан халқы әділдікті орнатып, өз батырына құрмет көрсетуі тиіс деп есептеймін. Осыған байланысты аталған петицияға қол қойып, дос-жарандарыңыздың, әріптестеріңіздің арасында таратуды сұраймын. Сіздердің халықтық қолдауларыңыздың арқасында, осы жолы менің дәлелдерім сенімді болып, мемлекет басшы тарапынан қолдау табатынына сенімдімін», – деп жазды өз петициясында Алексей Володин.
Қазіргі уақытта 700 мыңнан астам қол жинады.
Бұған дейін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 27 жыл бұрын Ауғанстан шекарасында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерді қаза тапқаннан кейін наградтаған. Раджан Батырхановты ІІ дәрежелі «Спитамен» орденімен марапаттаған.
Еске салайық, бұған дейін ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ардагері Алексей Володин Раджан Батырхановқа «Халық қаһарманы» атағын беруге шақырған. Оның айтуынша, 27 жыл бұрын тәжік-ауған шекарасында қазақстандық Раджан Батырханов ерлікпен қаза тапқан. Бұл қазіргі заманғы Қазақстан тарихындағы жауынгерлік әрекет учаскесіндегі алғашқы шығын болды. Сол уақытта бозбала бар жоғы 19 жаста болды, ол өз өмірін өлімге тігіп, оннан астам отандастарын ажалдан аман алып қалды.
Раджан Батырханов – жауынгер-интернационалист, батыр-шекарашы. Ол жеке қазақстандық шоғырландырылған батальонының Күршім взводының құрамында әскери қызмет өткерді. 1994 жылғы 28 қыркүйекте шекара жасағының Хорогс учаскесінде Хәкімнің екі жүзден астам содырларымен ауыр ұрыс болды. Тәжік оппозициясының содырлары Висхорвск шатқалындағы 5-ші және 6-шы шекара заставаларының торабынан өтпек болған. Осы өткелдегі ұрысқа қазақстандық шоғырландырылған батальонының жеке құрамы да белсенді қатысты.
«Атыс барысында ол шатқал жоталарын жабынып, шекарашыларды қапталдап өтіп, олардың артынан шықпақ болған содырларды байқап қалып, кіші сержант сол мезетте олардың іс-қимылын дәл көзделген оқ жаудырумен білдірген. Нәтижесінде беске жуық содыр жерге жығылды», – дейді ардагер.
Раджан Батырханов өмірінің құнымен ол әріптестерін құтқарып, ұрыстың жеңіспен аяқталуына алғышарт жасады.
Semeynews.kz