
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасына қалалық полиция басқармасынан 118 қызметкер жұмылдырылды.
- Семейлік полицейлермен 9 күн ішінде 343 әкімшілік бұзушылық анықталды, оның ішінде, маневр жасау ережесін бұзғандар – 78, техникалық қарау мерзімі өтіп кеткен автобусты жүргізу фактілері – 5, көлік басқара отырып ұялы телефонмен сөйлесі фактісі – 28 және қоғамдық көлікті заңсыз қайта құру фактісі – 2. Іс-шара автобус жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында жүргізілуде, – деді баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz



