
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыс аумағында жыл басынан бастап 143 автокөлік өртенген және жалпы шығын 32 миллион 158 мың теңгені құрады.
Кезекті көлік өрті 12 қазанда Өскемен қаласында орын алды. Бұл жерде 1994 жылғы «Аudi 80» маркалы көлігі өртенді. Көліктің қозғалтқыш бөлігі өртеніп, артынша от көлік салонына, доңғалағына өршіген.
«Оқиға орнына келген өрт сөндірушілермен 6 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің алдын ала шығу себебі – қауіптілігі жоғары қондырғыға ұқыпсыз қарау», – деп көрсетілген ақпаратта.
Semeynews.kz