ҚазақстанҚоғамТОП

Қазақстандық пойыздарда әйелдер вагоны пайда болды

Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында тек әйелдерге арналған вагондар пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық темір жол компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Ұлттық тасымалдаушы осы жылдың 10 қазанынан бастап Алматы – Өскемен және Алматы – Маңғыстау бағытындағы екі жолаушылар құрамында әйел адамдар үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты”, – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдер вагондарына билеттерге сұраныс болған жағдайда бұл жоба басқа бағыттарға таралады.

“Сырттай қарағанда ештеңе білінбейді, жүру да құны бірдей, бірақ тек әйелдер купе көршілері болады”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Мұндай вагондарға “еріп жүретін адам болған кезде жеті жасқа дейінгі ер балалар” да отырғызылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button