ӘлемҚазақстанҚоғамСпортТОП

Францияда өтетін Әлем Чемпионатына семейлік дзюдошы қатысады

Сурдодзюдодан өтетін Әлем Чемпионатында ел намысын семейлік Ләззат Бақтиярова қорғайды, деп хабарлайды Semeynews.

27 – 30 қазанда Францияда сурдодзюдодан Әлем Чемпионаты өтеді. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен үздік деп танылған спортшылар өнер көрсетеді. Аталған жарыста ел намысын ІІІ топтағы есту қабілеті нашар Ляззат Бақтиярова қорғайтын болады.

Ляззат екі жыл шамасында сурдодзюдомен шұғылданады және спорт шеберіне үміткер болып табылады. Жақында чемпионаттың іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, енді әлемдік деңгейде ел намысын қорғауға шықты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button