ҚоғамСемейТОП

Семейлік жасөспірім «Балалар Евровидениесі-2021» байқауының іріктеу кезеңіне өтті (ВИДЕО)

2021 жылғы 19 желтоқсанда Францияның Париж қаласында «Балалар Евровидениесі-2021» атты 19-шы ән байқауы өтеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Байқауға 19 елдің әншілері қатысады, соның ішінде Қазақстанда бар. Елімізде байқауға қатысуға іріктеу 29 қыркүйекте басталған. Ұйымдастырушыларға Қазақстанның 17 өңірінен 819 сұраным түсті. 8 қазанда қазылар алқасы үздік деп танылған 30 жас талантты іріктеп алды. Олардың арасында біздің жерлесіміз, семейлік 11 жасар Аңсар Әділхановта бар.

Аңсар экономикалық лицейде білім алады. Вокалмен кәсіби түрде айналыспайды, бірақта ән айтуды жанымен жақсы көреді. Аңсар бірнеше мәрте қалалық, облыстық және республикалық деңгейлердегі байқаулардың жүлдегері танылған, өткен жылы халықаралық вокал байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алды. Музыкамен кішкентайынан айналысады. Ол Димаш Құдайбергеновтың және Майкл Джексонның туындыларын сүйіп тыңдайды.

Аңсардың әкесі Рүстем Түгеловтың айтуынша, «Балалар Евровидениесі» байқауына қатысуды ұйымдастырушылардың өздері ұсынған.

  • Өткен жылы сұраным бердік, «Бала дауысы» байқауының бірнеше кезеңін өттік, алайда бізді іріктеп алған жоқ. Биылғы жылы, өткен аптаның жұмасында, кешкісін ұйымдастырушылар хабарласып, «Біз сіздің балаңыздың өнерін тамашаладық. Балалар Евровидениясы байқауына қатысуға қалай қарайсыздар?» деді, мен сөзге келместен келістім, – дейді баланың әкесі.

Байқау онлайн форматында өтті, сондықтан балаларға қазылардың жүрегін өздері түсірген бейнежазбалар арқылы жаулауға тура келді.

  • Бізге сілтемені жолдады, біз сауалнама толтырдық, бенежазбаны жолдадық. Бізге бейнежазба міндетті түрде көлденең форматта, минуспен, микрофонсыз және үй жағдайында түсірілуі керек екені айтылды. Біз бейнежазбаны түсіріп жібердік. Ал 8 қазанда тікелей эфирде жеңімпаздарды атады. Аңсар – үздік деп танылған отыздың арасына енген жалғыз Шығыс Қазақстандық, Семейден жалғыз, – деп еске алады Рүстем Түгелов.

Айта кетейік, Аңсардың вокалдық таланты кездейсоқ пайда болған емес. Баланың әкесі кішкентайында музыка мектебінде фортепиано сыныбында оқып, хорда вокалист болған, бірнеше байқауларға қатысқан. Ал Аңсардың анасы кішкентайында қалалық «Әнші балапан» байқауына қатысқан. Атасы жас кезінде ансамбльде гитара ойнаған. Болашақта Аңсар кәсіби тұрғыда вокалмен айналысқысы келеді.

Қазақстан атынан «Балалар Евровидениесі-2021» байқауына қатысушы 6 қарашада онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Дауыс беруге барлық қазақстандықтар қатыса алады. Ол үшін jevision.khabar.kz сайтына кіріп, қатысушылардың бейнероликтерін тамашалап, өзіңізге ұнаған орындаушыға дауыс бере аласыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button