ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да жол апатынан бес адам көз жұмды

Шығыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам және бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 қазанда сағат 01:00 шамасында 45 жастағы жүргізуші тізгіндеген «LADA» көлігі Абай ауданы Қарауыл ауылынан Саржал бағытының 152 шақырымында рульді басқара алмай аударылған.

“Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші және оның 39, 36, 35 жастағы үш жолаушысы және бір жарым айлық нәресте алынған түрлі дене жарақаттарын оқиға орнында көз жұмды. 35 жастағы тағы бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді, тиісті медициналық көмек көрсетілуде”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button