ШҚОДенсаулықҚоғамТОПШҚО

Өскеменде екі жаңа емхана бой көтереді

Өскемен қаласында екі жаңа емхана ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде екі жаңа медициналық мекеме бой көтереді. Бұндағы мақсат – халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

«Жаңа емханалардың бірі Протозанов көшесінде орналасады. Қазіргі уақытта сол жақта бос тұрған ғимаратты жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Бұл жерде 3 жыл бұрын сүт өнімдерін жасайтын мекеме болды. Енді оның орнына емхана ашылады. Осылайша, бұл көшеде тұратын халық алысқа сабылмай сонда барып, дәрігерлерге қаралуына жағдай жасалады», – дейді басқарма басшысы Ермек Омарбеков.

Ал екінші емхана Ертістің сол жағалауындағы бұрынғы тері-венерологиялық диспансерінің орнына ашылады. Ескі ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button