
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. «Капшағай трассасында жол апаты, казино маңы», – делінген жазда.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға «Алматы-Өскемен» тасжолындағы Қапшағай қаласында тіркелген.
Алдын ала мәлімет бойынша, 6 қазан күні сағат 17:00 шамасында «Kia Cerato» көлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, алдында келе жатқан «ГАЗель» көлігіне соғылған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам зардап шекті. Олар Қапшағай қаласындағы ауруханаға түсті. Зардап шеккен 27 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу басталды»,- делінген ведомство хабарламасында.
Semeynews.kz