ҚоғамСемейТОП

Семейде 2025 жылға дейін қаланы дамытудың кешенді жоспары талқыланды

Жоспарда Семейді дамыту бойынша, тұрғын үй құрылыстарын, сумен жабдықтау, жол жөндеу, энергетика, білім және денсаулық сақтау салаларын қосқанда 56 шара қарастырылған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семейді дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыруға 260 млрд теңге бөлу жоспарланған. Алайда, облыс әкімінің қолдауымен жоспарға өзгерістер енгізіп, қосымша бөлінген қаражатты бірінші кезекте, әлеуметтік нысандарға жолдау жоспарлануда.

  • Өздеріңіз білетіндей, жеке инвесторлар бастамашы болған кейбір нысандарда жұмыстар аяқсыз қалды. Сондай-ақ, осы уақыт ішінде Семейде білім және денсаулық сақтаудың жаңа нысандары пайда болды. Осыған байланысты комиссия және басқарма басшылары келді, олар тексеру жүргізіп, бөлімдермен іс-шара жоспарын пысықтайды. ШҚО әкімінің тапсырмасымен бүгін Семей қаласына он басқарма басшысы келді. Әрқайсысы өз саласы бойынша толықтай жұмыс істеп, болашақ жоспарлар да талқылайды. Екі күн жұмыс жасап, нәтижесі дүйсенбі күні облыс әкіміне баяндалады. Жалпы, жоспарда қарастырылған 56 шараның бүгінгі таңда 10-ы аяқталды, қалғандарында жұмыстар жүргізілуде, – деді ШҚО әкімінің орынбасары Нұржан Жұмаділов.

Сонымен қатар кездесуде Семейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту облыс әкімінің тұрақты бақылауында екені айтылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button