
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қала, аудан әкімдерімен және Денсаулық сақтау басқармасының басшысымен коронавирусқа қарсы күрес мәселесі бойынша кеңейтілген отырыс өткізді.
«Қазіргі уақытта өңіріміз вирус жұқтыру көрсеткіші бойынша «сары аймақта» тұр. Соңғы күнде қауіпті дертке шалдыққан 117 науқас тіркелді, оның басым көбісі – Өскемен тұрғындары. Бұл індеттің дельта штамының жоғары деңдейде жұқпалы болуына байланысты», – деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, екпе салдыру көрсеткіші бойынша өңір Қазақстанда жетекші орын алады. Бүгінде вакцинаның алғашқы компоненті 770 мыңға жуық адамға егілген.
«Өкінішке қарай, маған әлеуметтік желіде науқастарға тиісті көңіл бөлмейтін, өз қызметіне ұқыпсыз қарайтын кейбір дәрігерлер туралы жиі шағымданып жатады. Тексеру жүргізілгеннен кейін Глубокое және Шемонаиха аудандық ауруханаларындағы, Өскемендегі № 2 емханасындағы дәрігерлер өз қызметтерінен босатылды. Олардың орнына кәсіби мамандар келуі керек», – деді Даниал Ахметов.
Semeynews.kz