Оқиғаға қатысты Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
«Павлодар қаласында осы жылдың 5 қазанында сағат 07:13-те, Бектұров көшесі 50/1 үйде орналасқан дүкеннің күнқағарында 1972 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Ол 8-қабаттағы балконнан секіріп, өз-өзіне қол салған», – деді полициядан.
Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды.
Semeynews.kz