ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Абай ауданы ПБ кезекші бөліміне 57 жастағы ер адам хабарласып, бір бас жылқысының жоғалғанын жеткізген.
- Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 24 қыркүйекте Абай ауданының ПБ криминалдық полиция тобының қызметкерлері жылқыны тауып, иесіне қайтарды. Жылқы қараусыз қалған еркін жайылымнан жоғалып кеткені анықталды, – деп түсіндірді ведомствода.
Іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚІЖК-нің 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағы бойынша тоқтатылды.
Жалпы жыл басынан бері Шығыс Қазақстан аумағында мал ұрлығының 163 фактісі тіркелді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде облыстың 71 тұрғыны, оның ішінде 11 мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды.
Жалпы облыс тұрғындарына жалпы сомасы 20 миллион теңгені құрайтын, 300-ден астам ұрланған мал қайтарылды.
Semeynews.kz