ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда полицей 22 жастағы жігітті қағып өлтірді

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері 22 жастағы жігітті қағып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі YK-News.kz порталына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша 22 жастағы жігіт достарымен бірге келе жатқан көлігінен жарылған доңғалақты ауыстыру үшін түскен. Осы кезде оны өтіп бара жатқан Lada көлігі қағып кеткен. Оқиға 2 қазанға қараған түні Өскемен-Семей тасжолының 25-ші шақырымында болған.

Зардап шеккен ер адам алған жарақатынан көз жұмды.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Lada автокөлігінің рөлінде полиция қызметкері болған. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Видеотіркеуіштердің жазбалары алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.

Полиция жол апатынан кейін тәртіп сақшысы жұмыстан шығарылғанын атап өтті.

Жас жігітті 4 қазанда ақтық сапарға шығарып салды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button