ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да 34 жасар алаяқ ұсталды

Бөтен адамның жеке деректерін пайдаланып несие рәсімдеген 34 жасар алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында Өскемен қалалық полиция басқармасының Солжағалау ПБ «102» жедел арнасына 52 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 2021 жылғы 15 тамызда белгісіз тұлға ғаламтор желісі арқылы оның жеке деректерін пайдалана отырып мобильді қосымша арқылы, 192 000 теңгеге онлайн несие ресімдегені туралы арызбен жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 34 жастағы күдіктіні анықтады. Жауап алу барысында ол кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button