ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде екі көлік соқтығысты

Семейде екі көлік соқтығысты, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 4 қазанында сағат 10:00 шамасында Тәңірбергенов көшесі бойында екі көлік соқтығысқан.

«Daewoo Nexia көлігін басқарған 58 жастағы жүргізуші, Тәңірбергенов көшесі бойымен батыс бағытына жүріп бара жатып, қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, сол бағытта кетіп бара жатып, жаяу жүргіншілерді өткізу үшін тоқтаған Lexus көлігіне соғылған. Жарақат алғандар жоқ. Материалдық шығын келтірілді. Daewoo Nexia жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген ақпаратта.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button