
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Алтай қаласында Зырян көшесіндегі құдыққа ер адам құлап кеткен. Оқиға орнына келген 3 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары арқанның көмегімен ер адамды алып шықты.
- Анықталғандай, 1994 жылғы азамат, түнгі уақытта келе жатып, ұялы телефонынның қызығына түсіп, ашық тұрған құдықты байқамай қалған. Қазіргі уақытта құлағанда алған сынықтарымен ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.
Semeynews.kz