ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да 100 тоннадан астам шөп өртенді (ВИДЕО)

Зайсан ауданының екі мекенінде жиналған шөп және 30 Га алаңдағы дала шөбі өртенді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылдың 4 қазанында Зайсан ауданының екі ауылында жиналған шөп өртенді.

  • Бірінші жағдайда, Дайыр ауылындағы үйлердің бірінің ауласында жиналған 90 тонна шөп өртенді, алдын ала болжау бойынша өрттің шығу себебі – әдейілеп өртеу. Екінші жағдайда, Сарықамыс ауылындағы ашық учаскеде жиналған 25 тонна оралған шөп, сонымен қатар 30 Га алаңдағы дала шөбі өртенді. Өрттің шығу себебі – отты ұқыпсыз пайдалану, – деді баспасөз қызметінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button