Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да КВИ қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізілуде

Шығыс Қазақстанда 600 мыңнан астам адам вакцина алды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шығыс Қазақстанда халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жалғасуда. Вакциналау жұмыстары басталғаннан бері аймаққа 1,5 млн астам доза вакцина келіп түсті.

Жоспар бойынша өңірде 747 мың тұрғын вакцина алды. Облыстың кейбір аудандарында вакцинация қарқынды жүргізілуде. Қазір вакцинаның бірінші компонентін 754 мың адам алса, 606 мыңға жуық тұрғын вакцинацияны толығымен аяқтады.

ШҚО әкімдігінің ақпараты бойынша, вакцинация қарқыны бойынша облыста бірінші компонент ретінде Үржар ауданы (95,3%), Бесқарағай ауданы (94,7%), Аягөз ауданы (93,6%) көш бастап тұр. Екінші компонент бойынша Бесқарағай ауданы (86,1%), Абай ауданы (84,7%), Аягөз ауданы (80,1%) көш бастап тұр.

Жалпы, облыста бүгінде вакциналардың үш түрі бар. Олар – “Спутник V”, QazVac, Sinopharm. Егу пункттерінде вакциналардың бірінші компонентінің 46,6 мың дозасы, екінші компоненттің шамамен 158 мың дозасы бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button