Далалық экзотикалық жемістер Семей қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан – Абай ауданының Қарауыл ауылында өсірілді. Осыдан төрт жыл бұрын мектеп оқушылары банан көшеттерін тәлімбақтан әкелген. Сол уақытта көшеттер 30 сантиметрден сәл асқан болатын. Қазіргі уақытта экзотикалық жемістің биіктігі екі метрден асады. Көшеттер бой көтеріп қана қоймай, жемісінде беріп бастады.
«Жаз мезгілінде жылыжайдағы температура + 40-50 градусқа дейін жетеді. Біз тек банан ғана өсіріп қоймай, лимон және анар өсірдік. Оларда бой көтеріп, жемістерін беріп бастады. Біз биылғы жылы алғашқы жемістерін жинадық», – деді Қарауыл ауылдық жалпы білім беретін орта мектептің директоры Анар Садықова.
Алғашқы жеміс жылыжайда күтіммен айналысқан оқушыларға таратылды.
Semeynews.kz