ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да 2419 тонна шөп өртенді (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең басынан бастап 2419 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті және Тарбағатай аудандарында өрт саны көп тіркелуде.

Өрт шығуының негізгі себептері – отты ұқыпсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Ағымдағы жылдың 3 қазанында Күршім ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында 10 тонна шөп өртенді. От маңайында орналасқан шаруашылық құрылыстың ағаш құрылымына өршіді. Құтқарушылармен 2 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.

4 қазанда таңғы сағат 05 шамасында Бесқарағай ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағында жиналған 150 тонна шөп өртенді. Өрттің шығу себебі – әдейілеп өртеу. Тілсіз жауды ауыздықтауға ШҚО ТЖД, орман шаруашылығының және қожалықтың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

4 қазанда Семей қаласындағы Шығыс кентінде «Камаз» көлігімен тасымалдау барысында өрт шықты. Түктелген 6 тонна шөп өртенді, көліктің кабинасы, доңғалағы, өртенді. Өрттің жалпы алаңы 20 шаршы метр. Алдын ала болжам бойынша отты абайсыз пайдалану деп болжануда.

Шығыс кентіндегі өрт

Бесқарағайдағы өрт

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button