ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Алматы облысында қарт әжейді жүк көлігі қағып кетті

Алматы облысында жүк көлігі 81 жастағы зейнеткерді қағып өлтірді. Аймақтың полиция департаменті оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Semeynews.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Алматы облысының полиция департаменті өкілдері жол-көлік оқиғасы 2 қазанда сағат шамамен 10.05-те Іле ауданында болғанын хабарлады.

Iveko Magirus көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Байсерке кентіндегі Школьная көшесімен келе жатып, 81 жастағы әйелді қағып кетті. Қарт әйел оқиға орнында мерт болды.

“ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол-көлік оқиғасы дерегі Іле АІІБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды”, – делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қайғылы оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Назар аударыңыз! Видео жүйкесі әлсіздерге көруге ұсынылмайды. 

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button