ҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде үздік педагогтарға құрмет көрсетілді

Кәсіби мереке қарсаңында ағымдағы жылдың 27 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен көрнекті қазақ ағартушысы, жаңашыл педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын мерекелеу аясында мұғалімдер күніне арналған апталық басталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шараның мақсаты – педагог мамандығының қоғамдағы мәртебесін арттыру болып табылады.

Бүгінгі таңда Семейдің жалпы білім беретін мектептерінде төрт мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді. Жыл сайын олар облыстық және республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болады. Бұл жылы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназияның математика пәнінің мұғалімі Жанар Дүркембаева “Ең үздік педагог” атағына ие болды.

– Биылғы жыл мен үшін өте жемісті болды. Жақында Білім министрінің қабылдауында болып, 2021 жылдың Үздік педагогы атандым. Бұл мен үшін тарих кезең, үлкен қуаныш. Жетістікке жету бір  жылдың көрінісі емес, ұзақ жылдардың қалтқысыз қажырлы еңбегі деп ойлаймын. Менің басты мақсатым-оқушылардың бойына математика пәнін сіңіріп, болашағынан үміт күттірер маман тәрбиелеп шығару. Мұғалім ретінде, басты марапатым – түлектерімнің жетістіктері. Бүгінде олардың көпшілігі еліміздің белді компанияларында жұмыс істейді, – дейді Жанар Дүркембаева.

Бұл  күні Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қаланың үздік педагогтарымен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Мұғалімдер күні-бұл жай ғана кәсіби мереке емес. Республикамыздың лайықты азаматтарын, жауапты ата-аналарын, білікті мамандарын, Қазақстанның білімді өкілдерін тәрбиелеу-осының барлығы біздің қоғамымыздың дамуына қосқан Сіздердің үлестеріңіз. Мамандық иелерін осы тамаша мерекемен құттықтаймын, – деді Бақытжан Байахметов.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кездесуге қаланың 30 үздік педагогы шақырылды. Олардың арасында педагогикалық еңбек ардагерлері, білім берудің құрметті қызметкерлері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері, білім беру үздіктері, ғылыми жобалардың, республикалық және халықаралық маңызы бар конкурстардың жеңімпаздары, жалпы орта білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың басшылары, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығының қалалық кеңесінің өкілдері болды. Кездесуге қатысушылар өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі және жалпы қоғамды дамытудағы педагогтың ерекше рөлін атап өтті. Бұл күні қонақтарды қалалық балабақшалар мен балалар мен жастар шығармашылық сарайының тәрбиеленушілері құттықтады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button