ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Павлодар облысында екі көлік өртеніп кетті

Павлодар облысында екі көлік өртеніп кетті. Абырой болғанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы оқиға бүгін таңертең 08 сағат 35 минутта тіркелген. Ақсу қаласының «Нұрлы жол» автожол көпірінде 1989 жылы шыққан Mersedes Benz автокөлігі толығымен жанып кетті.
– Көлік Павлодардан Ақсу қаласына бара жатқан. Өрттің жалпы ауданы 6 шаршы метрді құрады. Өрт 09 сағат 49 минутта жойылды. Оқиға орнында Ақсу қаласының № 12 өрт сөндіру бекеті құрамынан 3 адам және бір техника жұмыс істеді. Ақсу қаласының ең жақын өрт сөндіру бекеті мен оқиға орнына дейінгі қашықтық 8 км құрайды, – дейді департаментте.

Сондай-ақ, 10 сағат 28 минутта «101» пультіне Мир және Генерал Дүйсенов көшелерінің қиылысында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Ашық аумақта Volkswagen Passat автокөлігінің мотор және салонның алдыңғы бөліктерінде, жалпы ауданы 4 шаршы метр төбедегі орындықтардың ішінара қаптамалары жанған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамнан 2 адам және бір техника жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button