ҚазақстанҚоғамТОП

Қазақстан-Ресей қандай бірлескен жобаларды жүзеге асырды

XVII Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында қандай бірлескен жобалар жүзеге асырылғанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз теңіз жобаларын жүзеге асыратын инвесторлар үшін барынша қолайлы жағдай жасадық. Ресейлік серіктестердің ішкі нарықта мұнай жеткізу жөніндегі бірлескен теңіз жобаларын босату, сонымен қатар экспорттық кедендік салықты алып тастау ұсынысын қолдадық. Үкімет инвестициялық қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қимыл барысында инвестицияның жаңа тетігін- жақсартылған модельдік келісімшарт әзірледі», – деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы ресейлік серіктестерді жаңа жобаларды жүзеге асыруға да шақырды.

«2019 жылдан бері өндірістік кооперация саласындағы бірлескен іс-қимыл бағдарламасы жемісті жүзеге асырылып келеді. Қазіргі уақыттың өзінде 3 жоба жүзеге асырылды: «Кировец» маркалы трактор құрастыру, Hyundai маркалы көлік шығару және «Газ» маркалы көлік құралдарына бөлшектер өндіру. Осы жылдың сәуірінде Татарстан басшысының қатысуымен Рустам Миннихановтың қатысуымен жылдық қуаты 3,5 млн дөңгелек болатын Дөңгелек шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Бұл Қазақстан үшін өзге елдердің импортына тәуелділікті төмендететін маңызды әрі қажетті жоба», – деді Қазақстан Президенті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button