ӘлемҚазақстанСпортТОП
Футзалдан ӘЧ жартылай финалы: Қазақстан-Португалия матчін қайда және қашан көруге болады?
30 қыркүйекте футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шығу үшін матч өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Жартылай финалда Кака құрамасына қарсылас Еуропаның қазіргі жеңімпазы – Португалия құрамасы болмақ.
Айта кетейік, әлем чемпионатының бірінші финалисті анықталды. Аргентина құрамасы Бразилия құрамасын 2:1 есебімен жеңді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы пікір білдіріп, “сенсация” деп атаған болатын.
Semeynews.kz