
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 қыркүйекте көші-қон қызметінің қызметкерлері «Учаске» ЖПІШ аясында Ақтоғай аумағындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз жел станциясы құрылыс жұмыстарымен айналысқан Тәжікстан Республикасының 29 азаматын анықтады.
- Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК -нің 517 -бабы 5 -бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды, ол сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді, – дейді ШҚО ПД көші -қон қызметі басқармасы басшысы Ербол Бекпаев.
Жыл басынан бері көші -қон заңнамасын бұзғаны үшін 300 -ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне тыйым салынғанын ескертеді.
Semeynews.kz