Шәкәрім атындағы СМУ жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы Василий Полевик Семей қалалық ТКШ-ға Бейбітшілік аралында Қызыл кітапқа енген бірегей өсімдіктер кездесетінін айтып жеткізген.
“Бейбітшілік аралында Қызыл кітапқа енген келесідей өсімдіктер кездеседі – сарытұңғиық, телпек сүйсін және қазақстандық су жаңғағы. Көптеген дәрілік өсімдіктер бар, олар – қара меңдуана, шілтер жапырақты таңқурай және жалбыздың көптеген түрлері. Кеңес дәуірінде дәріханалар аралдан таңқурай мен жалбыздарды жинап, олардан дәрі-дәрмек жасаған”, – дейді биолог маман.
“Қазіргі уақытта аралда үлкен антропогендік жүктеме бар, өсімдіктер аяқ астында тапталуда, жергілікті тұрғындар малдарын жаюда. Сонымен қатар басқа да зиянкестер кездеседі, жекелей алғанда, ағаштарға зиянын келтіретін саңырауқұлақтар. Осының барлығы адаммен байланысты. Антропогендік жүктемені азайтып, аралдағы көлік санын қысқартқан жөн. Балалардың, сондай-ақ ересектердің арасындағы экологиялық тәрбиені күшейту қажет. Біз бәріміз осы аралға жанашырлық танытамыз. Біздің қаламыздағы жан-тәніңмен рахатқа батып, табиғат аясында демалатын орындардың бірі”, – деп атап өтті В.Полевик.
Сонымен қатар биолог аралдағы құрылыстарға теріс көзқараста екенін айтып өтті. Жасыл бұрышты табиғи саябаққа айналдыру жоспарлануда екенін еске сала кетейік. Жекелей алсақ, аралда автотұрақ, биодәретханалар, сауда алаңдары, кафетерии, балалар және спорт алаңдары орнатылмақ. Сонымен қатар жоспарда фонтан, түрлі шараларды өткізуга арналған амфитеатр орнату қарастырылған.
“Бірегей табиғи қауымдастық жоғалады. Бір кездері осы аралда дендрарий жасау жоспарланған. Неліктен жоба жүзеге асырылмады, белгісіз. Дегенмен арал дрендрарий немесе ботаникалық бақ талаптарына толықтай сәйкес келеді. Көп қаражат құюды талап етеді деп айтуға болмайды. Ал, аралға бетон құйып, оны қоқыс алаңына айналдырғанға түбегейлі қарсымын. Біз бұған қарсы тұруымыз керек”, – деді биолог ютуб-каналдағы сұхбатында.
Semeynews.kz



