
«30 қыркүйекте түнгі сағат 00:34-те «Toyota Camry» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзенінен өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп келе жатып, жылдамдық режімін сақтамағандықтан рөлді басқара алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, 28 жастағы жүргізушінің «Nexıa Ravon» автокөлігімен соқтығысты. Жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам зардап шекті. Оқиға орнында 2 жүргізуші және тағы 3 жолаушы мерт болды. Және «Toyota Camry» автокөлігінде келе жатқан жолаушы ауыр халде қалалық ауруханаға жатқызылды», – делінген хабарламада.
Департаменттің мәліметінше, аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жолаушыларға жол ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертіп, жолда қырағы болуға шақырады.
Semeynews.kz