
Екі сағатқа созылған кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Кездесуде Семейдің дамуы туралы өзекті мәселелер қарастырылды. Қала басшысы баспасөз қызметімен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.
- Біз бір бағытта жұмыс істейміз. Қаланың дамуы әрқашан өзекті. Тұрғындардан осы уақыт аралығында 1500-нан астам сауалдар мен ұсыныстар келіп түсті. Біз олардың әрқайсысын қарастырудамыз. Критикалық материалдар да бар, біз оларға ерекше назар аударамыз. Алда әлі көп жұмыс бар. Сондықтан кері байланыс әрқашан болуы керек. Менің аппаратым, ұсыныстарға сәйкес, оларды шешу бойынша жоспар құрады деп ойлаймын. Мен сіздерден, БАҚ өкілдерінен, қаламызды одан әрі дамыту үшін қай бағыттарда жұмыстар жүргізу керек екені туралы ұсыныстарыңызды естігім келеді, – деді Б.Байахметов жиналғандарға.
Баспасөз өкілдері өз кезегінде қала басшысына қаланы аббаттандыру, дамыту жөніндегі, сонымен қатар, ескі мал-дәрігерлік институты ғимаратының тағдыры, Аймауытов көшесі бойында дау шығарған құрылыс, Семей қаласының жасы, қоғамдық көлік қатынастары, жылу мәселесі және тағыда басқа семейліктердің көңілінде жүрген көкейкесті мәселелер төңірегінде сұрақтар қойды. Кездесу барысында қала әкіміне барлығы 40-тан астам сұрақ жолданды.
Semeynews.kz