Семейде “Қызмет” салалық кәсіподағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының аймақтық форумы өтті
Семей қаласында өткен Форум "Қызмет"Салалық кәсіподағының Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстық, Семей аумақтық және Аягөз аудандық филиалдарының кәсіподақ ұйымдары көшбасшыларының басын біріктірді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жергілікті кәсіподақ өкілдері аймақтық кәсіподақ белсенділерімен кездесіп, еңбек ұжымдарындағы, әлеуметтік серіктестік саласындағы проблемалық мәселелерді талқылады.
Форумда атап өткендей, бүгінгі таңда кәсіподақ Үкіметпен, мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен белсенді өзара іс – қимыл жасайды, еңбек ұжымдарындағы проблемалық мәселелерді шешу, қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғау, оларға әлеуметтік көмек көрсету, мәдени және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
- Үкімет, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында ағымдағы жылдың 12 наурызында 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойылды. Ол әлеуметтік әріптестікті жетілдіруге, экономикалық саясатты нығайтуға, халықты тиімді жұмыспен қамтуға, лайықты жағдайлар мен еңбекақы төлеуге, әлеуметтік саясатты күшейтуге бағытталған және салалық келісімдердің, кейіннен ұжымдық шарттардың жобалары үшін негіз болды. Пандемия кезеңі жұмыс берушілердің қызметкерлермен өзара іс-қимылын жолға қою бойынша көмек көрсетуге қабілетті, нақты әлеуеті бар біздің кәсіподақ ұйымдарымыздың бірлігін көрсетті. “Қызмет” Салалық кәсіподағы карантин және шектеу шаралары кезеңінде кәсіподақ мүшелеріне нақты материалдық және әлеуметтік көмек көрсетті. Локдаун кезеңінде “Қызмет” салалық кәсіподағы арнайы киім (обаға қарсы костюм) сатып алу, қорғаныш маскаларын тігу және санитайзерлерді, азық-түлік жиынтықтарын сатып алу үшін кәсіподақ мүшелеріне 7 млн. теңгеге жуық көмек көрсетті. Біздің күш-жігеріміздің арқасында біз оң нәтижелерге қол жеткіземіз, – деді Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіподағының төрағасы Мирбулат Жакыпов.
Бүгінгі таңда, оңтүстік, солтүстік және орталық аймақтарда форумдар өтті. Енді кәсіподақ лидерлері Семейде болашаққа жоспарлар құруда. Форумға қатысушылар проблемалық мәселелерді талқылап қана қоймай, Семей қаласының көрікті жерлерімен, Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайымен танысты.
Semeynews.kz