ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да байлаулы тұрған бұзау ұрланды

Шемонаиха ауданында байлауда тұрған бұзауды ұрлаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Шемонаиха АПБ кезекші бөліміне ауданның 50 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз тұлға еркін қол жеткізу жолымен үй қоршауының артынан байлауда тұрған 4 айлық қара-ала бұзауын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын 150 000 теңге.

  • Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, бұрын бірнеше рет сотталған 50 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, жеткізілді. Жануар тәркіленіп, иесіне қайтарылды, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button