ҚоғамСемейТОП
Семейге ресми іс-сапармен Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі
Бүгін Семей қаласына ресми іс-сапармен Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямада мен "Шөп тамыры" бағдарламасының үйлестірушісі Акира Мацумото келді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сапардың мақсаты қаламен танысу және қаладағы мамандандырылған Бала үйі мен нашар көретіндерге арналған №2 мектеп-интернатында Бағдарлама жобасы жұмысының жабылуына қатысу болып табылады. Аталған мекемелерде Бағдарлама бойынша кір жуу орны мен офтальмологиялық жабдық орнатылды.
- Сапар барысында қонақтар Абай музейінің жұмысымен танысты. Елші мырза қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбайұлына құрмет көрсетіп, ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Елші экспозициялардың бірегейлігін, дәстүрлі шығармашылық және заманауи үлгідегі безендірудің ерекшелігін атап өтті. Сонымен қатар, Невзоровтар отбасы атындағы музей қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Елші мырза сүйікті суретшілер – Куинджи мен Шишкиннің туындыларын тамашалады, – деді Б.Байахметов.
Сондай-ақ, қонақтар жедел медициналық жәрдем ауруханасына барды. Семей қаласымен ынтымақтастық орнатудың келесі жобасы ретінде Жапония Үкіметі Семей қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасына “дабыл түймесін” орнатуды жоспарлауда. Жапония делегациясының сапары жалғасуда.
Semeynews.kz