ҚоғамСемейТОП

Семейдегі биологиялық орталықта ондаған алып асқабақ өсірілді (ВИДЕО)

Облыстық балалар биологиялық орталығында оннан астам алып асқабақ жиналды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жылсайын Семейдегі облыстық балалар биологиялық орталығында бақша дақылдары жиналады. Орталықтың биологиялық бөлімінің меңгерушісі Дарья Вощакинаның айтуынша, биылғы жылы жемістер ерекше болды. Салмағы 40 келіден 65 келіге дейін жететін оннан астам асқабақ жиналды. Көкөністермен, яғни, сәбіз, қырыққабатпен биологиялық орталықтағы барлық жануарлар қоректенеді.

  • Фауна өкілдері үшін асқабақ өте пайдалы. Олар асқабақтың дәндеріне, қабығына дейін жеп қояды. Асқабақтан бөлек, сәбіз, картоп, қызылша және қырыққабат жиналды. Осылардың барлығы қыс мерзімінде жануарларға азық болады. Қазіргі уақытта көкөністердің барлығы сақтау қоймасында, – деді Дарья Вощакина.

Қыстың суық мерзімінде жануарларды азықтандыру үшін биорталық жыл сайын акция өткізеді. Кез келген ниет білдірушілер өз бақшаларында көкөністерден артық қалғандарын жануарларға азық ретінде орталыққа әкелулеріне болады.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button