ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

30 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ШҚО-да ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 25 қыркүйектен 1 қазанға дейінгі аралықта  «Іздеу» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жедел алдын алу шарасы барысында Семей қаласындағы криминалдық полиция қызметкерлері 30 жылға жуық Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарынан жасырынып келген сол елдің азаматын ұстады. Іздеуде болған азамат 1992 жылдың ақпанынан бастап адам өліміне әкеп соққан дене жарақатын салумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.
Тәртіп сақшыларына келіп түскен жедел ақпараттың нәтижесінде, бірнеше онжылдықтар бойы жасырынып келген адам анықталды. Ол ұзақ жылдар бойы бірге тұрған әйелге өзін жалған атпен таныстырып, шынайы деректерін жасырып келген.
«Қазіргі уақытта аталған тұлғаны Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде», – деді ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button