ҚазақстанҚоғамТОП

Түркия ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды

Түркияның жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі оқиға 26 қыркүйек күні кешкі уақытта болғанын мәлім етті.

«Кеше Гонконгтан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Air ACT жүк тасымалдаушы Боинг -747 ұшағының командирі техникалық ақауды байқап бірден Алматы әуежайына қонуға шешім қабылдады. Төтенше жағдай жарияланған жоқ, қону жергілікті уақыт бойынша 21:12 қалыпты режимде өтті», – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button