
Семей қ. ПБ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде патрульдік полиция батальоны өткізген “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында сағат 13:30-да Сәтпаев көшесінде ГАЗ автокөлігі тоқтатылған. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушіден алкоголь иісі шыққан.
“Жүргізілген наркологиялық сараптама қортындысы бойынша “орташа дәрежеде” масаңдығы анықталады. Сонымен қатар көлік тізгіндеген 41 жастағы жүргізуші бұған дейін Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді Семей қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Шалқар Құнанбаев.
Semeynews.kz