ҚоғамҚылмысСемейТОП

Арзан көлік тауып беремін деп алдаған семейлік алаяқ ұсталды

Қарағандылық азаматты арзан көлік тауып берем деп алдаған семейлік алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Әуезов ПБ 41 жастаға Қарағанды қаласының тұрғыны жүгініп,  2020 жылдың 15 қарашасы мен 1 ақпан аралығында Семей қаласында белгісіз тұлға оның сеніміне кіріп, аукцион арқылы арзанға сатылатын көліктер арасынан “Toyota Land Curser Prado” және “Toyota Хайландер ” автомобильдерін төмен бағаға тауып берем деп 4,5 миллион теңгеден астам қаражатын алып, ақша қолына тиген соң байланысқа шықпай қашып жүргеніне шағымданған.

«Қарағандылықтың арызы бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде осы әрекетті жасады деген күдікпен еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болмаған 33 жастағы семейлік анықталды.  Тергеу барысында ол өзі жасаған қылмысын толық мойындады. Жәбірленушінің ақшасын өзінің жеке мүддесіне пайдаланғанын жеткізді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚА 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»,- деді Семей қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Шалқар Құнанбаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button