ҚазақстанҚоғамҚылмысТОП

Мас күйде бөтеннің көлігін ұрлап кеткен атыраулық ұсталды

Мас күйде бөтеннің көлігін жүргізіп кеткен атыраулық ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап..

25 қыркүйек күні сағат 03:30 шамасында Сұлтан Бейбарыс даңғылында орналасқан “Магнит” сауда орталығының тұсында патрульдік полиция кызметкерлері күдік тудырған Daewoo Nexia маркалы көлік кұралын тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде жүргізушісінің орта дәрежелі мас екендігін анықтаған. Сондай-ақ Daewoo Nexia көлігін бір сағат бұрын Вокзал маңы мөлтек ауданынан ұрлап жүргізіп кеткендігі белгілі болды.

Жинақталған іс-құжаттар анықтау жүргізу үшін №2 қалалық полиция бөлімінің Тергеу бөлімшесіне тапсырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button