
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қыркүйекте жедел іс-шаралар өткізу барысында Өскемен қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінен алкоголь өнімдерін өндіру және құю цехы анықталды. Оны облыс орталығының 56 жастағы тұрғыны ұйымдастырған.
Гаражды тексеру кезінде тәртіп сақшылары бес литрлік және бір литрлік ыдыстарға құйылған шамамен 2 тонна алкоголь бар өнімдері тапты. Сонымен қатар, өндіріске қажетті құюға арналған заттар, сондай-ақ бос контейнерлер мен олардың қақпақтары тәркіленді.
Тексеру барысында күдіктінің спиртті сақтауға және өткізуге қандай да бір рұқсат құжаттары жоқ екендігі анықталды.
«Аталған факт белгіленген тәртіпте тіркеліп, жиналған материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолданды», – деді ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.
Semeynews.kz