ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Астана әуежайында кабельдің тұйықталуы болды – зардап шеккендер жоқ

Елорда әуежайында кабельдің қысқа тұйықталуынан терминалды түтін басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық терминалда, ұшып шығудың 8-інші гейтінде нөсерге қарсы құбырдың жылыту кабелінде тұйықталу болды. Түтін гейттен терминалға жайылды. Бұл уақытта гейтте жолаушылар болған жоқ. Тиісті қызметтер шұғыл әрекет етті. Зардап шеккендер жоқ.

Әуежай штатты режимде жұмыс жасап тұр. Рейстердің кешігуі болған жоқ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button