
Өскемен қаласының полиция басқармасының қызметкерлерімен тұрақты негізде адамдарды сату, жеңгетайлық және притон ұстау фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша бірқатар жұмыс жүргізілуде.
- Притондардың қызметі туралы өтінішпен бізге қала азаматтары жүгінді. Оқиға орнына барған кезде жезөкшелік, жеңгетайлық фактілері расталды. Ұсталған қыздар көп жағдайда өзге қалала, аудандардан полиция бөліміне жеткізілді, оларға ҚР ҚК 309 – бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша айып тағылды”, – деп хабарлады Өскемен полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.
Бұдан басқа, “STOP-трафик” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде, яғни ағымдағы жылдың 19-24 қыркүйегі аралығында Өскемен полиция басқармасының қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздардың азаматтардың көшеде мазаларын алу фактілерін құжаттап, анықтады. Олардың әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Сондай-ақ осы кезеңде жыныстық қызмет көрсетумен айналысатын адамдарды анықтау және олардың арасынан Республикадан тыс жерлерге шығуға ниеті бар адамдарды, сондай-ақ сексуалдық пайдалану үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету мақсатында оларды азғырып тартумен айналысатын адамдарды анықтау арқылы түнгі ойын-сауық орындарына рейдтік шаралар жүргізіледі. Монша кешендері, сауналар, ойын-сауық орындары, жалдамалы пәтерлер тексерілді.
Semeynews.kz