
«Қазандықтарда орнатылған сүзгілердің басым бөлігі ескірген. Олар заманауи сүзгілермен алмастырылды. Олар зиянды және ластаушы заттарды көбірек ұстайды», – деді қала әкімі.
Сессияда қазандықтарды жаңғырту бойынша жүргізілген жұмыстарды тағы да атап өтті. Қайта жаңғыртуға биылғы жылы 2,6 млрд теңге қарастырылған. ТКШ бөлімі өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды, жылыту маусымының барысына әсер етпейді.
Дегенмен, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, қала орталығында әліде жылу энергиясының жетіспеушілігі байқалады. Жаңа ғимараттардың жылу жүйесіне қосылулары үшін жылукөздерінің қуаттылығы жеткіліксіз. Қосылуға рұқсат алған нысандарды да арнайы комиссия тексереді.
Semeynews.kz