ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да 3 притон анықталды

«Стоп-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер 3 притонды анықтады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ағымдағы жылдың 19-24 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Стоп-Трафик» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның шеңберінде полицейлер еңбек және сексуалдық қанау фактілерін анықтау мүмкіндігі жоғары қонақ үйлер мен ойын-сауық мекемелерін, монша кешендерін және басқа да әртүрлі нысандарды тексерді.

Жеңгетайлықтың үш фактісі анықталды. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 309–бабы – жеңгетайлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған тұлғаларға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін әйелдердің өздері арнайы есепке алынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button