Аталған елді-мекендерде проблемалық мәселелер жеткілікті. Олардың бірі – жол мәселесі. Тұрғындар қала әкімінен осы бағыттағы мәселелерді шешуді сұраған еді. Қала басшылығы тарапынан тиісті бөлімдерге тапсырмалар берілген. Қала әкімі жақын арада Южный көшесіндегі проблемалық учаскеге байланысты шешім қабылданатынын айтып өтті.
Тағы бір өзекті мәселе – көшені жарықтандыру. Келесі жылы аталған мәселені шешуге қаражат бөлу жоспарлануда. Сондай-ақ, кент тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін мектеп пен балабақша салуда жоспарлануда. Оқушыларды тасымалдау жүзеге асырылатынына қарамастан, балаларға мектепке жету қиын болуда.
- Қоғамдық көлік қозғалысы да тұрғындардың наразылығын тудыруда. Көптеген автобустар Водный кентіне дейін бармайды. Дегенмен бұрынғы маршруттық желілерде аталған бағыттар қамтылған еді. Көбінесе аялдамалардағы адамдар автобусты бір жарым, екі сағат күтеді. Әрине, бұл дұрыс емес. Автобустар санын біртіндеп көбейтетін боламыз. Сондай-ақ, болашақта маршруттық желілер тұрғындардың қалауы мен қажеттіліктерін ескере отырып қайта қаралады, – деді Б.Байахметов.
Semeynews.kz