ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да екі қабатты ағаш үйде өрт шықты

Өрт сөндірушілер өрттің орманға және жақын маңдағы үйлерге таралуына жол бермеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше, 22 қыркүйекте 20 сағат 04 минутта Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінде, демалыс базаларының бірінің аумағындағы жазда тұруға арналған 2 қабатты ағаш үйде өрт болды.
Иелері үйді өз бетімен сөндіруге тырысқан және олар өртті жеңе алмайтындықтарын түсінген кезде өртке қарсы қызметін шақырған.

  • Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен отқа оранды. Үйдің қабырғалары, шатыр жабындысы, терезе және есік блоктары,  жиһаздары, тұрмыстық техникалары мен жеке заттары өртенді. Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метр. Орман массиві мен жақын маңдағы үйлеге қауіп төнді. Өрттің таралуына жол берілмеді және 22 сағат 09 минутта өрт толығымен жойылды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 22 адам және 4 бірліктегі техника жұмылдырылды, – деді баспасөз қызметінде.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button