
Әлеуметтік желілер мен БАҚ құралдарында азаматтарға өздері жайлы жеке ақпаратты таратпау, оларды мессенджерлер арқылы басқа адамдарға жібермеу керектігі туралы әрдайым ескерту жасаумен қатар, жеке басын куәландыратын құжаттарына мұқият болуға шақырады. Алайда көптеген азаматтар бұл сақтық шараларын елемейді.
Осы сияқты алаяқтықтың құрбаны Семей қаласының 47 жастағы тұрғыны болды, ол ағымдағы жылдың 20 тамызында Орталық полиция бөліміне арызданды.
«Жәбірленуші 2021 жылдың шілде айында танысының сенімге кіру жолымен оның құжаттарын пайдалану арқылы, банктердің бірінде оның атынан 1 млн. теңге көлемінде несие рәсімдеген. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел жұмыстардың арқасында, алаяқ қолға түсті. Ол бұрын сотталмаған, еш жерде жұмыс істемейтін, 24 жастағы жергілікті қала тұрғыны болып шықты»,- деді Семей қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Шалқар Құнанбаев.
Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Semeynews.kz