ШҚОКриминалҚоғамТОПШҚО

ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді (ВИДЕО)

"Учаске" ЖААШ барысында Риддер қаласының тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО полициясы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап өткізіліп жатқан «Учаске» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ заңсыз айналымнан атыс қаруын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Ведомствода хабарлағандай, бұл жолы Риддер қаласының 46 жастағы тұрғынының үйінен келіп түскен ақпаратты тексеру кезінде тәркіленді:

1) дыбыс тұншықтырғышы бар 9 мм калибрлі қолдан жасалған жауынгерлік тапанша;

2) «Макаров» тапаншасынан 9 мм калибрлі 23 патроны;

3) 7,62 мм калибрлі Калашников автоматы және 72 патрон ;

4) «ППШ» атысты имитациялайтын автомат;

5) «ТТ» маркалы атысты имитациялайтын тапанша;

6) атысты имитациялайтын «Тирэкс» маркалы тапанша-пулемет;

7) Ф-1 оқу гранатасы, сондай-ақ пневматикалық қарудың екі бірлігі.

Жауынгерлік қарумен қатар, ер адамнан алынған атысты имитациялайтын қару-жарақ атыс қаруы ретінде қайта жасалып, заңсыз әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін екендігі атап өтілді.

Қазір тәртіп сақшылары күдіктінің бұл қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.

  • Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы (қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциялары 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button