ҚоғамСемейТОП

Халық санағын жүргізуге тіркеушілер қажет

Семей қалалық статистика басқармасына халық санағын жүргізуге тіркеушілер қажет, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тіркеушілер 1 қазаннан 30 қазан аралығында қала бойынша қоғамдық көліктерде тегін жүреді. 833 адамнан сауалнама алған кезде еңбекақысы 104 179 теңгені құрайды.

Жұмысқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет: жеке куәлік (көшірмесі), 3х4 көлемдегі екі фотосурет және еңбекақыны аудару үшін “Қазпошта” АҚ есепшот.

Барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжай бойынша хабарласуға болады: Мәңгілік ел көшесі – 25. Семей қалалық статистика басқармасы, байланыс тел.: 87750768675, 87477226713

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button