ҚоғамСемейТКШТОП

Семейде жылу беруге дайындық жүріп жатыр

Семейде жылу беру маусымының басталуына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде хабарлағандай, Семейдегі қазандықтар жылу беруге дайын.

– Біз жекелеген қазандықтарда ыстық суды беріп бастадық. Осымен қатарласа тұрғын үйлерге және әлеуметтік сала (аурухана, мектеп, бала-бақша) нысандарына жылу беруге дайындық шараларын жүргізудеміз. Тұрғын үй иелерімен және басқару органдарымен жаңа жылу маусымына дайындық жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда, дайындық паспорттары болмаған көпқабатты үйлердің паспорттары дайын. Меморандумға сәйкес, жылумен жабдықтау ұйымы «Қаражыра» ЖШС 70 мың тонна көмірге келісім жасады. Күнделікті 30 вагоннан жеткізілуде, – деді ТКШ бөлімінің басшысы Амантай Утельбаев.

Жеке қазандықтары бар білім беру және денсаулық сақтау нысандарына көмір жеткізілді, яғни олар жылу беруге дайын. Көмірді 72 кварталда «Жігер» ЖШС,  Знаменск тас жолының үшінші шақырымында және Шығыс кентіндегі Контейнерная стансасында сатып алуға болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button